Жүктелу...

Барлығы Defender бренді туралы: тарих, өнім, технология, серіктестік, сервис, ұжым

 

Defender дилері болу

 

Defender: Компания туралы

Defender – пайдаланушылардың кең көпшілігінің барлық қажеттіліктеріне жауап беретін, жұмыс істеуге және өмір сүруге арналған технологиялық тауарлар ассортиментін ұсынатын, жетекші халықаралық компания.

Қазіргі заманғы технологиялар, жоғары еуропалық стандарттар, кең өндірістік қуаттылықтар өзінің өнім сегменттерінде көшбасшы болу мүмкіндігін береді. Defender өнімі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындарда, батыс Еуропада және шығыс Азияда өндіріледі.

Defender кеңселері Мәскеу және Таллинде орналасқан. Компанияның бүкіл әлем бойынша өкілдіктері бар – Қытайда, Балтика маңында, Украинада, Қазақстанда, Белоруссияда, ал дистрибьюторлық инфрақұрылым Еуропа мен ТМД-ның бес жүзден астам қаласында белсенді. Defender сервистік орталықтары Ресейдің 77 қаласында жұмыс істейді.

Defender сатып алу оңай, онымен сөйлесу оңай, оны пайдалану оңай. Defender сату оңай!


Defender: Тарих

Сауда маркасының тарихы 1990 жылы басталды. Defender брендімен шығарылған алғашқы құрылғылар- мониторларға арналған қорғағыш экрандар. Defender ағылшыннан аударғанда «қорғаушы» және компанияның өнімі туралы мағынада өз клиенттерін электронды-сәуле түтіктерінің қатты сәулеленуінен қорғаған.

Бүгінгі таңда Defender тауарлары пайдаланушыны компьютермен және ұтқыр құрылғылармен жұмыс істеу кезінде техниканы кедергілерден, желідегі кернеу өзгерістерінен және механикалық ластардан қорғай отырып, ең аз жайсыздықтан жай ғана оқшаулап қана қоймайды. Компанияның өнімі әрбір бөлшегі жан-жақты ойластырылған, табиғи экожүйені, барынша қолайлы өмір ортасын құрады.

 

Defender: Міндеті

Біздің міндетіміз – өмірге кіре салысымен оның органикалық бөлігі болатындай, қажетті өнімдер жасау.

Біздің ұранымыз - «Қолайлылық ұсақ-түйектен қалыптасады». Бұл – сіз туралы. Біз: бұл сіздің жайлылығыңыз және біз сол үшін жұмыс істейміз деп айтамыз.

Біздің магистральды мақсатымыз – сіздің өміріңізді барынша қолайлы ету. Бұл оңай емес, бірақ біз бұны жасай аламыз: біздің әрбір өніміміз бізге қолайлысын қамтамасыз етуге қабілетті. Ал сіз бұл үшін бір тиыныңызды артық төлемейсіз.

Біздің жұмысымыздың негізінде – жақсарту жолдарын тұрақты іздеу, өмірді сапалы аса қызықты, жарқын әрі қаныққан ету.

Біз бұл мақсатты әрбір өнімімізде 24 жыл бойы іске асырып келеміз.


Defender: Өнім

Defender тауарларының әртүрлігі – бұл ортақ сөздер емес: алты жүзден астам түрлі тауар, ассортимент қатарын үздіксіз сапалы кеңейту – нарық өзгеруіне және тұтынушылардың қажеттіліктеріне біздің жауабымыз.

Біздің өніміміз компьютермен және ұтқыр құрылғылармен жұмысты жағымды етеді, ойын-сауықты – әртүрлі, саяхатты – жайлы етеді. Біз ең жақсысын – кейде қажет болғаннан ертерек ұсынамыз.

Достық функционалдығы – тауарларды жасап шығару және өндіру кезінде басшылыққа алатын қағидатымыз: Defender өнімі – бұл барлығына түсінікті заттар. Олар әртүрлі қажеттіліктер үшін және әртүрлі адамдар үшін жасалады, бірақ тағайындалғанын іске асырады: тінтуір курсорды жылжытады, тұрақтандырғыш техниканы қорғайды, ал пернетақта мәтін тереді. Олар бұны тамаша атқарады. Бұған компанияның көптеген марапаттары куә.


Defender: Технологиялар

«Қажеттідегі кемелдік» - біздің концепциямыз. Defender инженерлік департаментінің жұмысшылары әрбір тауар модельі үшін оңтайлы функциялар жинағын құрады. Бұл ең қажетті функцияларды анықтай отырып, өнімдеріміздің барлық санаттарына жүргізілетін зерттеулер негізінде жасалады. Технологиялық және дизайнерлік шешімдерді тұрақты жетілдіру баға қолжетімдігін сақтай отырып, өніміміздің бірегейлігін қамтамасыз етеді.

Осылай Defender тауарлары жасалады – қажеттігін барлығы және артық еш нәрсе жоқ.


MyDefender: Жаңа Экожүйе

2014 жылы біз тауарларымыздың ұстанымының жаңа концепциясын ұсындық - «MyDefender».

Біз осы концепция шеңберінде өнімімізді жайлылықты арттыратын және өмір сапасын жақсартатын, қосымша сервистермен біріктіре отырып, тауармен өзара әрекеттесудің жаңа ортасын құрамыз.

Defender Quick Point бірыңғай бағдарламалық кеңістігі біздің мамандарымызбен арнайы жасап шығарылған және барлық ойын құрылғыларын бір ортаға біріктіру мүмкіндігін береді. Бұл басқару орталығы, оның көмегімен Defender ойын құрылғыларын жеке баптауға, өз профильдерін сақтауға және достарымен бөлісуге болады.

Біздің концептуалды жаңартылған орауымыздың достық жарқын интерфейсі Defender өнімін сауда залының сөресінде ерекшелейді. Ең өзекті дүниежүзілік дизайнерлік беталыстарды есепке ала отырып жасап шығарылған, бірегейлік пен функционалдықты үйлестіреді, қазіргі заманғы шамадан тыс қаныққан тауар ортасында брендтің тұтынушымен байланыс міндетін тиімді шешеді.

Сонымен, «MyDefender» стратегиясы тұтынушымызға барынша жақын болу мүмкіндігін береді. Defender сатып ала отырып, сіз тамаша тауарға ие бола тұрмай, сондай-ақ әрбір ұсақ-түйек ескерілген, өнімдеріміздің экожүйесіне кіресіз, ал басты құндылығы – өміріңіздің сапасын арттыруға бағытталған, өнімнің қолданылуы.


Defender: Біз және әлем

Біз Defender-ді барын қол жетімді етуге тырысамыз. Енді компания сіздің ұсыныстарыңыз үшін тәулігіне 24 сағат ашық - ғаламдық Facebook, ВКонтакте, Одноклассники және Твиттер әлеуметтік желілеріндегі топтарымызға қосылыңыз. Мұнда сіз компания мамандарына сұрақ қоя аласыз, технологиялар мен ғылым әлемінен қызықты ақпарат таба аласыз, тауарларымызды пайдалану тәжірибесімен бөлісе аласыз, бүкіл дүниежүзінен пікірлес жаңа достарды кездестіре аласыз, сондай-ақөзіңізді ең әртүрлі шығармашылық конкурстарда көрсете аласыз және Defender-ден лайықты сыйлықтар ала аласыз.

Біз әрқашан барлығы жаңа әрі қызықты жерде боламыз. Defender ең жарқын жастар мен студенттер мерекесінде демеуші бола тұрып, дарынды жастарды қуана қолдайды. Бұл Сокольниктердегі Жастар күніне арналған орасан зор open-air, жыл сайынғы ММУ мехматтағы Пифагор күні және «Алтын апельсин» атты жас дизайнерлер конкурсы. Defender – әртүрлі киберспорттыұ жарыстардың жиі қонағы болып тұрады,

«ИгроМир» ең ірі салалық көрменің тұрақты әрі танымал қатысушысы.

Жаңалықтарды біздің сайтымызда және әлеуметтік желілерде қадағалаңыз - Defender-мен бірге қолдарыңыз пультте болсын!


Defender: Серіктестік

Біздің серіктестермен ынтымақтасу қағидатымыз – өзара құрмет, сенім әрі ашықтық. Компанияның көп жылдық жұмыс тәжірибесі және қызметкерлердің жоғары кәсіпқойлығы тамаша логистикаға және серіктестеріміз үшін жылдам оперативті сервиске кепілдік береді.

Біз Defender -мен ынтымақтастықтағыларды жоғары бағалаймыз және серіктестерге ынтымақтастықтың ең тиімді шарттарын құрайтын, бірегей артықшылықтар жинағы мен кеңейтілген ақпараттық, жарнамалық және маркетингтік қолдауды ұсынуға қуаныштымыз.


Defender: Сервис

Defender өнімін пайдалану оңай – артық функциялардың болмауы кез-келген сатып алушыға біздің тауарлармен интуициялық өзара әрекеттесу мүмкіндігін береді. Нұсқаулықтар, тауар фотосы, драйверлер, қажетті БЖ – осының барлығын біздің сайтымыздан таба аласыз.

Defender сервистік орталықтарының желісі тұрақты кеңейеді – бүгінгі таңда олар Ресейдің 77 қаласында жұмыс істейді.


Defender: Ұжым

Адамдар – компанияның негізгі ресурсы. Defender командасының әрбір мүшесі қорытындысында дүкен сөрелерінде, Интернетте көруге болатынға – және одан кейін кеңседе, үйде және демалыста пайдаланылатынға өз үлесін қосады.

Біз қызметкерлеріміздің дарынды әрі кәсіпқой болып табылатынын, әр жұмысымыз – біздің ортақ сәттілігіміздің ажырамас бөлігі болып табылатынын мақтан тұтамыз. Бізді өз саламызда үздік болуға және нарықта бірінші болуға талпынысымыз ғана емес, сондай-ақ шынымен пайдалы бола білу біріктіреді.